Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ұстаз Клара Диханбайқызы «Адал ас» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға жергілікті әйел жамағаты мен мешіт шәкірттері қатысты.
Әйел жамағатына тағам қандай жағдайда адал, қандай жағдайда арам болатынын және қандай қоспалардан сақтану керектігіне ерекше атап өтті. Қандай қоспаларды тұтыну керектігін түсіндірді. Артық тағам мен әдепсіз қылықтардан бойды аулақ ұстап, дені сау, сергек жүретін, құлышылығына аса мән беретін мұсылман болу үшін ас ішу әдебін күнделікті өмірімізде дұрыс жүзеге асыра білейік деп аяқтады.