ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбдібай ата мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы мешітке ақ некесін қидыруға келген жастарға отбасы құндылығы мен отбасы болудың алғышарттары туралы ақпарат беріп, уағыз-насихатын айтты.

«Отбасы – мейірім мен махаббаттың, жан тыныштығы мен ауызбіршіліктің ұштасқан ордасы. Жарасым тапқан әр отбасы – мемлекет тыныштығының кепілі. «Отан – отбасыдан басталады» – деп дана қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамзат атаулының бәрінің бойындағы адамгершілік, имандылық, әдептілік, кішіпейілділік сынды көптеген қасиеттер осы жанұяда қалыптасады. Отбасы іргетасының беріктігі – оның мүшелерінің өз міндеттерін біліп, өз межесінде орындауында жатыр. Белгілі бір заңдылыққа мүлтіксіз бағынған отбасында тыныштық орнайды», – деді имам.

Неке қиылып болған соң, мешітіміздің ақсақалы Абай атамыз жастарға бата беріп, бақытты ғұмыр тіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: