Талас ауданында дін мен дәстүр бағыты бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Үшарал ауылының имамы Әбдімаликов Қыдырбек имамның ұйымдастыруымен 14 жасқа дейін ауыл жасөспірімдері арасында қазақша күрестен жарыс өтті.
Есдәулет Жандос есімді баламыз топты жарып,жеңімпаз атанды. Жеңімпазға 50мың теңге ақшалай сыйлық берілсе, Жандостан жеңіліп 2-орынды иеленген Мақсұт Ерболатқа 30 мың теңге. Аталмыш шарада 3-орынды иемденген Смағұл Берік 10 мың теңгені қанағат тұтты. Өз кезегінде, Қыдырбек имам ауыл спорт саласының басшысы мен аталмыш шараны ұйымдастырған кісілерге алғысын білдірді.