Жуалы ауданы, Қошқарата ауылына қарасты «Дәурен» мешітінің тазалық жұмыстары жүргізілді. Мешіт имамы Кемерханұлы Нұрмахан мен жамағаты сауапты істен құр қалмады.
Ардақты Елші Мұхаммедтің (с.ғ.с.) «тазалық иманның жартысы» деген хадисін ұран етіп жамағат тазалық жұмыстарына белсене кірісті. Мешіттің ішкі және сыртын, ағаштардың түптері оталып мешіт ауласы толық тазаланды.