РАНТ мүшесі Ғазиз Нұртайұлы Ахметов «Қордай» аудандық мешітінде «Отбасы құндылықтары» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
«Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы – исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (с.а.у) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген», – Ғазиз Нұртайұлы жиналған жамағатқа дініміздегі отбасы құндылықтарын түсіндірді. Уағыз-насихат соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Ауданның бас имамы Егізбаев Алмұханбетаранжан Ғазиз Нұртайұлына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жамағатпен жиі жүздесуге шақырды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

