Шу ауданында 25 оқушыларға мектепке қажет құрал-саймандар, оқу жабдықтары, сөмке таратылды.
Ауданымыздың бас имамы Алмас Кенжемолдаев: «Қайырымдылық шарасы әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі», – деп білім алушыларға жаңа оқу жылына сәттілік жолдап, батасын берді.
Балаларын ертіп келген ата-аналар рахмет айтып, өз ризалықтарын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі