Т.РЫСҚҰЛОВ: «ИСЛАМ – ІЗГІЛІКТІҢ ЖАРШЫСЫ» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ИСЛАМ – ІЗГІЛІКТІҢ ЖАРШЫСЫ» АТТЫ УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы «Қожай баба» мешітінің имамы Жанболат Сағындықұлының ұйымдастыруымен ауыл жамағаты Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы және РАТТ мүшесі Ризабек Батталұлымен кездесіп, «Ислам – ізгіліктің жаршысы» атты тақырыпта уағыз тыңдады.

Әлемдік діндердің барлығы, соның ішінде әсіресе ислам діні адамзатқа ізгілікті, адамгершілікті, өзара кешірімділік пен мейірімділікті насихаттайды. Мұны исламның қасиетті қайнар көздері саналатын Құран аяттары мен хадис мәтіндерінен, дін ғалымдары мен ағартушыларының еңбектерінен айқын көруге болады. Адамзаттың абзалы болған, ізгілікті насихаттаушы, жан баласының жанашыры болған Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өзінің хадис шәріфінде: «Мұсылман өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян тигізбеген адам» деген. Ислам дінін  ұстанған мұсылман басқа мұсылманның жеке өміріне рұқсатсыз қол сұқпайды, жазықсыз жанның жанын қиып, заңсыз дүние-мүлкін тәркілемейді, тіпті Ислам дінін қабылда деп оның дінін ауыстыруға мәжбүрлей алмайды.

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: