Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық мешітінің имамы Бақытжан Әлімбеков ауылдық кітапханада Халықаралық жастар күніне орай «Жастар және руханият» атты келешек жастарға бағыт-бағдар беруге арналған семинар өткізді. Іс-шараға ауыл әкімі, кітапхана қызметтшілері және ауыл жастары қатысты.
Сүнниттік бағыттағы Ханафи мәзһабы еліміздің негізгі дәстүрлі бағыты. Қазақ ешқашан да руханияттан шеттетілген емес. Адамның тәніне азық-ауқат қандай қажет болған болса, адам жанына да руханият сондай қажет. Бүгінгі ұрпақ, жастар ислам дінін қадірлеп, ата дәстүрін ардақтауы тиіс.
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

