Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлына Жібек жолы ауылында соғылып жатқан мешіт құрылысымен Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Асқар Қондыбайұлы таныстырды.
Қанат Әділханұлы мешіт жамағаттарының алдында құрлысқа байланысты ойларын айтып, ұсыныс тастады. Атап айтар болсақ, мешіт жанына дәретхана құрлысының заманауи талапқа сай болуы, мешіт жанынан имамға қызметтік үй тұрғызу және халыққа қолайлы жағдай жасау керектігін баса айтты.