Меркі ауданына қарасты барлық мешітте қасиетті жұма күні «Отбасын асырауда ер азаматтың міндеттері» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.
Ауыл имамдары: «Отбасы босағасының берік, шаңырағының биік болуы, ондағы жанұя мүшелерінің тату-тәтті өмір сүруі – бір-бірлерінің алдындағы отбасылық міндеттерді жауапкершілікпен орындауларына тікелей байланысты. Бабаларымыз: «Екi жақсы қосылса, өлгенiнше дос болады. Екi жаман қосылса, өлгенiнше өш болады», – деп тектен тек айтпаса керек.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоштасу қажылығында: «Әйелдер жайында Алладан қорқыңдар! Олардың ас-суын, киім-кешегін дұрыстап беріңдер», – деген.
Дінімізде ер адамның отбасы үшін жұмсаған қаражатының барлығы садақа деп танылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Алла жолына динар жұмсасаң, құл (азат) етуге динар жұмсасаң, кедейгесадақаретінде динар жұмсасаңжәнежанұяңныңкерегіне динар жұмсасаң, осылардың ішіндегі сауабы ең үлкені– жанұяң үшін жұмсаған динарың», – деген (имам Мүслим).» - деп насихаттарын айтты.
Алла Тағала шаңырақтарымызға береке, отбасы бала-шағаларымызға амандық беріп, қасиетті жұма күнгі жасаған дұға-тілектерімізді қабыл еткей!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі