БАЙЗАҚ АУДАНЫ: БАС ИМАМ АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ: БАС ИМАМ АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындармен кездесіп, «Ізгі қоғамға пайдалы болу» тақырыбында насихат айтып, халықтың қойған сауалдарына жауап берді.

Қанат Әділханұлы насихатында: «Ізгілікке шақырушы топтың өзі ең әуелі жақсыны – жаманнан, дұрысты – бұрыстан, хақты – жалғаннан, күмәнді – батыл сенімнен анық айыра білуі керек. Әйтпесе, Исламға шақырамын деп жүріп, адамдарды одан бездіріп алуы мүмкін. Жақсылыққа үндеймін деп жүріп, абайламай жамандыққа шақыруы да мүмкін. Өзінің білместігінің салдарынан жұмсақ мінез көрсететін жерде дөрекілік танытуы, табандылық танытатын жерде жігерсіздік көрсетуі де мүмкін. Кейбіреулерге жаға бермейтін шындықты тәтті тілмен, жылы-жылы сөздермен, көркем бір әдеппен жеткізген тиімді. Адамдардың көңілін қалдырудан, айнала ортаға бүлік салудан аса сақ болуы тиіс. Алла Тағала Құран Кәрімде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жамандықтың өзін ең көркем түрде жолға салуды әмір еткен. Осындай жағдайда ғана дұшпан болған пенделердің өзі дос адамдарға айналатынын айтқан», – деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: