Кеңес Одағының батыры Ақәділ Суханбаевтың құрметіне Жақаш елді мекенінде кіші футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды.
Аталған турнирге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев және «Қосы батыр» ауылдық мешітінің имамы Нұртілеу Тұрлыбаев қатысты. 18 ауылдық округтен жиырмаға жуық команда өзара тартысып, мықтыны анықтады.
«Ұлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін танытқан Ақәділ Суханбаев 1920 жылы Қарасу ауылында дүниеге келіп, 1944 жылғы 31 шілдеде майданда ерлікпен қаза тапқаны белгілі. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны», «Ердің ісі – ерлік» деген сөз бар. Сын сағатта еліне қорған болған, өшпес ерлік жасаған Ақәділ Суханбаевтың ерлігіне қанша құрмет көрсетілсе де көптік етпейді», – деген жергілікті имам жеңімпаздардың бағалы сыйлықтар мен марапаттарға ие болғанын хабарлады.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі