Шу ауданында жасөспірімдер арасында облыстық Құран Кәрімді жатқа оқу жарысы өткізілді. Елімізге белгілі қарилар, бірнеше қырағат иелері Еркінбек Шоқай, Ерсін Әміре, Құрмет Сұмағұлдың төрағалығымен өткізілген жарысқа аудан-ауылдардан жиналған 30-ға жуық жас шәкірттер қатысты. Жарыс Құранның 10-шы, 29-30-шы және 30-шы параларын жатқа айту секілді 4 номинация бойынша өткізілді.
Әділқазылар алқасы шешімімен жеңімпаздар анықталып, оларға ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру ретінде бағалы сыйлықтар таратылды. Сайыс соңында, елімізге белгілі дін қызметкерлері Ризабек Батталұлы мен Ғазиз Ахметов уағыз-насихат айтып, Құран жаттаудың маңызы мен сауабын жеткізді.
Жарыс соңында ауыл тұрғындары мен шәкірттер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қариялар батасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі