БАЙЗАҚ АУДАНЫ: БАС ИМАМ ӘКІМДІК ҰЖЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ: БАС ИМАМ ӘКІМДІК ҰЖЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Жұмағұл Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімдік қызметкерлерімен кездесіп, «Ізгі қоғам ауызбіршіліктің белгісі» тақырыбында дәріс оқыды.

Қанат Әділханұлы өз сөзінде: «Адам баласы өмір сүру барысында ізгі мақсаттарға жету үшін үнемі ізденісте және әрекетте болады. Әр адамның діттеген арманына жету үшін қолғабыс болатын ең құнды дүние ол – ауызбіршілік. Егер шаңырақта, халық арасында бірлік пен татулық болса, ел өркендеп дамиды және гүлденеді. Мұндай істерді бейнелейтін қасиетті құндылықтарымыз бар. Олар: ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз, бейбітшілікке насихаттаушы дініміз. Бірлік орнаған елде тыныштық салтанат құрып, жас буын қауіпсіз әрі еркін өседі. Нәтижеде қоғамда жан-жақты даму жүзеге асады. Демек, әлемдегі өмірдің тұрақты болуы, халықтың діни ғибадаттарын өз деңгейінде орындауы үшін ауызбіршілік пен татулық басты назарда болады. Алла Тағала Бақара сүресінің 208-аятында: «Уа, иман келтіргендер! Барлығың Аллаға қалтқысыз мойынсұнып, татулық пен бейбітшілікте өмір сүріңдер. Шайтанның басқан ізімен жүруші болмаңдар. Шүбәсіз, ол сендерге анық дұшпан» - деп, татулық пен бірлікті сақтау және қадіріне жету міндетін адам баласына жүктеген, – деді.

«Байзақ» ауданы мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: