Тәубенің діндегі орны

Тәубенің діндегі орны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәубе - сөздікте өкіну және қайту деген мағынаға келеді. Діни термин ретінде - адамның істеген жамандық пен күнәларына өкініп, оларды тәрк ету арқылы Аллаға бет бұру, әмірлеріне мойынұсыну әрі тыйымдарынан сақтана отырып Аллаға жалбарынып кешірім сұрау. Алла Тағала кешіруге лайықты мүминдердің сипаттарын тізбектегенде былай бұйырады: «Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды. Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды». (Әли -Имран3/135 )

Жасаған күнәлар үшін тәубе ету парыз. Тәубе-хазіреті Адамнан басталған құлшылықтың түрі. Күнаһар адам уақыт өткізбей тәубе етуі қажет. Бұл жайлы Құран Кәрімде былай баяндалған: «Шын мәнінде  Аллаға (сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды. Алла әр нәрсені білуші хикмет иесі». Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп «Енді шынайы тәубе қылдым деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабыл емес. Міне солар үшін күйзелтуші азап әзірледік». ( Ниса сүресі,4/17-18) Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) да былай деген: « Күнәлары үшін шынайы түрде тәубе еткен адам еш күнә істемегендей болады». (Ибн Мажә,Зүһд,30 )

Ислам ғалымдары осы және осы сияқты аят пен хадистерді негізге ала отырып, тәубенің қабыл болуы үшін қажетті талаптарды көрсеткен. Сондықтан да тәубенің қабыл болуы үшін; істеген күнәсін тәрк ету, істеген күнәсына өкіну, сол күнәні екінші рет істемеймін деп уаде беру, егер істеген күнә кісі ақысына байланысты болса, мұндай жағдайда сол адамнан адалдық сұрап, Алладан кешірім тілеуі қажет.

Құл ақысынан құтылу, ақысы желінген адамның өзіне немесе мирасқорына тапсыру яки кешірімін алу арқылы орындалады.

 Нұрбақыт Молдашев 

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің найб имамы 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: