Сиқырды әртүрлі мақсатта жасайды. Адамдарға пайда келтіру мақсатында жасалынса да ол харам, Алла және Оның елшісі оған тыйым салған. Алла және Оның елшісі бір нәрсеге тыйым салса, ол ешқашан адамдарға пайда алып келмейді.
Сиқырдың түрлері:
Сихр ат-тафриқ - Ең кең таралған, Ерлі-зайыптыларды ажыратуға жасалынатын сиқырдың түрі.
Сихр әль-махаббаһ/әль-тываля - Махаббат сиқыры, өзіне қарату мақсатында жасалынатын сиқырдың түрі.
Сихр ән-назиф - Әйелдерде хайызға ұқсас қан келе беру үшін жасалынатын сиқырдың түрі (яғни әйел кісі хайыздан тазарса да жындардың әсерінен келетін қан).
Күйеуімен жыныстық қатынасқа түсе алмау, ғибадатын (намаз, ораза т.б.) жасай алмау, немесе тұрмыс құра алмау үшін әйелдерге жасалынатын сиқыр.
Сихр әль-қотль/әль-маут - Өлімге жасалынатын сиқырдың түрі.
Сихр әль-тахйиль - Галлюцинация тудыратын сиқырдың түрі.
Сихр әль-хаватыф - Уәсуәс, жаман қорқынышты түстер, дауыстар есту, жаман ойлар тудыратын сиқырдың түрі.
Сихр әль-жунун - Адамды ақыл-есінен айыру мақсатында жасалынатын сиқырдың түрі.
Сихр әт-таътыль (әз-зауаж) - Тұрмысқа бөгет, отбасын құра алмау үшін жасалынатын сиқырдың түрі.
Сихр әль-марод - Жындар адамды ауру қылу мақсатында жіберілетін сиқырдың түрі.
Сихр ар-робт (сихр әр-робт әр-ражуль, сихр әр-робт әль-маръа) - Байлау сиқырдың түрі.
Ер әйелінің немесе әйелі күйеуінің алдындағы тұрмыстық міндетін (төсек қатынасын) орындай алмау үшін жасайды.
- Әйел кісі күйеуінен ажырасса басқа күйеуімен жақындаса алмайтындай, немесе ер адам басқа әйелге үйленіп жақындаса алмайтындай жасайды.
Бұндай сиқырдың түрінде жын денеге кіріп, миында, жатырда, әурет жерлерінде түйіндер жасап шығып кетуі мүмкін. Яғни адам Құран тындағанда, тексерілгенде/емделгенде денесінде жынның белгілері болмау мүмкін, бірақ түйіндер себепті ауру сол күйінде қалады.
Сардарбек Абдухаликов
«Намаз ата» мешітінің имамы