Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы Абат Дәуренді Аққұм ауылы мешітіне имам етіп тағайындады.
Бас имам Муфти Хазреттің бұйрығын оқып беріп, жас имамды мешіт жамағатына таныстырды. Өз кезегінде, бас имам Дәурен имамға алдағы уақытта жұмысына сәттілік тілеп, қызметті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.
Аудандық "Қаратау Қажы би" мешіті баспасөз қызметі.