#Талас: Ақсақалдары мен ел ағаларының жиналысы өтті

#Талас: Ақсақалдары мен ел ағаларының жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мен дәстүр бағыты бойынша іс-шара ұйымдастырылды. Талас ауданы Сәду Шәкіров ауылы "Байтоқты баба" мешітінің имамы Османов Бақдәулет ауыл ақсақалдары мен ел ағаларын жинап, ақсақалдар кеңесін ұйымдастырды.

Бақдәулет имам күн тәртібіндегі мәселе ретінде жаназа намазында шапан тарату, тиын шашу, жыртыс тарату, құдайы тамақ дастарханын жаю сынды мәселелердің шариғат шеңберінен шықпай, ысырапқа жол берілмей атқарылуын тілге тиек етті.

Өз кезегінде, ауыл ақсақалдары жас болса да, бас болып жүрген Бақдәулет имамның көтерген бастамаларын толық қолдайтындарын айтып, қолдау білдірді. Бақдәулет имам өзіне қолдау білдірген ауыл ақсақалдарына рақметін айтып, алғысын білдірді.

"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: