Жат ағымнан сақтандыру бағыты бойынша іс-шара ұйымдастырылды. "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Хеурза Асанұлы мешіт жамағатына тәңіршілдік идеологиясы туралы кең көлемде баяндама жасады.
Аталмыш шарада, осы идеологияға жалғыз қарсы тұра алатын иммунитет өзіміздің дәстүрлі исламдық идеологиясы екендігін алға тартты. Мешіт жамағаты аталған тақырып туралы көкейдегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.