#Қордай: «Адал ас – жан азығы»

#Қордай: «Адал ас – жан азығы»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала жер бетінде сансыз нығметтерді жаратып, оларды адамзат баласының игілігіне тарту етті. Əр уақыт пайғамбарлар жіберіп, адамзатқа ненің адал ненің арам екендігін үйретті. Адам баласы бұл сынақ өмірде Жаратушымыздың біздер үшін адал еткен несібесінен пайдаланып, арам атаулыны жеп-ішуден сақтануы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 168-аятында:

«Уа, адамдар! Жер бетіндегі нəрселердің адалын əрі тазасынан жеңдер!» – деп бұйырған.

Қазақ халқы қашанда адал ұғымына ерекше мəн берген. Тарихқа үңілсек ата-бабаларымыз тұлпарына доңыздың басқан шөбін жегізбей, адалдықты ұстанып, Алланың ақ жолынан жаңылмаған. Қазақ халқы адалдықты ерекше бағалаған. Адал жар, адал дос, адал ас, адал еңбек, адал перзент секілді т.б. ұғымдардың бəрі ұлтымыз үшін қасиетті құндылықтар. Үлкендеріміз бата бергенде: «Басқа амандық, асқа адалдық берсін», – деп тілеуінің өзі қазақ қоғамында адалдық атаулының қаншалықты үлкен құндылық болғандығын көрсетеді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Адал ас- жан азығы тақырыбында әжелер алқасы мүшелеріне "семинар өтті.Семинарға "Рахман " мешіті ұстазы Айгуль Жолдасқызы және "Рахман "мешіті Әжелер алқасы мүшелері қатысты. Семинарда "Қордай "мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен "Рахман " мешіті ұстазы Айгуль Жолдасқызы "адал астың пайдасы мен зияны"  және  "адам ақысы" тақырыбы қозғалды. Әжелер алқасы мүшелеріне сөз беріліп бата жасалды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: