АДАЛ САУДАНЫҢ СЫЙЫ – ЖӘННАТ

АДАЛ САУДАНЫҢ СЫЙЫ – ЖӘННАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауда дегеніміз бір құңды затты екінші құңды затпен ауыстыруды айтамыз. Сауда араб тілінде «бәйъ» немесе «тижара» сөздерімен қолданылады.

         Сауда саттық жайында қасиетті Құранның Бақара сүресінің 175-аятында: «Алла Тағала сауда сатықты адал, өсімқорлықты арам қылды», - деп сауданың адал екенін ашық, айқын баяндады.

         Сауданың адал екенін баяндауымен қатар, сауданы адал орындау міндет. Таразыдан жеу арқылы сауда-саттықты арамдап алмау жайында Құранның бірнеше аят бар. Мутаффифин сүресінің 1-3 аяттарында:

         «Таразы мен өлшеуіштен жеп елді алдайтын жандардың жағдайы қаңдай өкінішті. Олар өздері бірнәрсе сатып алғанда өзге ел жұрттың зиянына таразыны толық өлшейді. Ал өздері бір нәрсе сататын болып басқалар үшін өлшеп тартқанда керісінше кемітіп өлшейді. Сонда олар өлгеннен кейін қайта тірілетінін ойламай ма?», - дейді.

         Аталмыш сүренің аты «әл-Мутаффифин» «таразы мен өлшеуіште кем тартып, өлшейтіндер» деген мағынаға келеді. Яғни, Алла Тағала таразыдан жеудің күнә екеніне байланысты арнайы бір сүре түсіргенін көреміз.

         Рахман сүресінің 9-аятында Алла Тағала:

«Таразыны әділ тартыңдар (сөзде де, істе де, қара қылды қақжарған әділ болындар). Таразыдан жемендер, өлшеммен тепе-теңдікті бұзбандар», - деп бұйырады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманында бір таразысымен әділ өлшеп алатын, ал екінші таразысымен кемітіп өлшеп сататын саудагерлер болған. Осындай саудагерлерге байланысты Алла тарапынан Құраннан жоғарыдағы аяттар түсіріліп отырды.

Жоғарыдағы таразыдан жейтін саудагерлерге 14 ғасыр бұрын ескерту айту арқылы ақырет күніне дейінгі саудагерлерге де ескерту жасалып отыр деген сөз.

Пайғамбарымыз Мутаффифин сүресін оқып, артынан былай деді:

 «Адамдар уәдесінде тұрмаса, олардың жауы басшы болады. Алланың сөзімен төрелік етпесе, ел арасында кедейшілік белең алады. Азғындық көбейсе, ел арасында өлім көбейеді. Саудагерлер таразыдан жейтін болса, өсімдіктер шықпай қалады және ашаршылық келеді. Зекет берілмесе, жауын шашын болмайды», - деген екен.

Шариғатымызда таразыдан жеу алдап арбап сауда жасаудын үлкен күнә екенін айта отырып, сонымен қатар адал, шынайы сауданың берекелі болатынын және оның сыйы жәннат екені де қозғалған.

         Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адал, шыншыл, аманатқа берік саудагер ақырет күнінде пайғамбарлармен, Алла жолында шейіт болғандармен және шыншылдармен бірге болады», - деп айтты.

         Осындай хадистерді амалға асырып, өзгелерге үлгі болған имамымыз Әбу Ханифа (Алла оны өз рахымына алсын) өмірінде орын алған мына бір оқиға ойға оралып отыр:

         Әбу Ханифа ірі саудагер болған. Бір күні өзінің сатушысына тауарының ішіндегі кем тұсын көрсетіп, сатып алушыларға әлгі тауарды айтып, өз бағасынан төмен және арзанырақ сатуды бұйырады. Саудагерлер сатып алушыға тауарының кем-кетігін айтуды ұмытып кетіп, өз бағасына сатады. Бұл оқыс жағдайды Әбу Ханифаға (Алла рахымына алсын) сатушысы естіртеді. Бұны естіген Әбу Ханифа (Алла рахымына алсын) сол күнгі түскен қаражатты толықтай садақа қылып тарқатады.

         Асыл дініміз бен ғұламалардың өмір баянынан үлгі алған халқымызда адал сауда жайында көптеген мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер қалған. Дана халқымыз: «Әкім адал болмаса – жұрт бұзылады, сауда адал болмаса – нарық бұзылады», «Саудагер құнықса, сақалын күзеп сатады», «Таразыдан жеген тоймайды» - деген екен.

 Баешов Азамат Боранбайұлы

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: