Имамға бір танысы сыйлық жібереді. Имам артынша оған да сыйлық жібереді. Бұған өкпелеген танысы бір кездескенде:
– Маған сыйлығымды қайтарып беретініңді білгенімде, сыйлық жасап әуре болмас едім ғой, – дейді ойын-шынын араластырып. Сонда имам:
– Олай деме, Пайғамбарымыздың (ﷺ): «Егер сендерге біреу сыйлық жасаса, сендер де қолдан келгенше сыйлық жасауға тырысыңдар, жағдайларың келмесе, ол үшін дұға етіңдер» деген хадисін естімеп пе едің? – деген екен.