#Меркі ауданы: «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсы басталды

#Меркі ауданы: «Имани жаз-2024» жазғы сауат ашу курсы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен Меркі ауданына қарасты мешіттерде  жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

«Имани жаз – 2024» сауат ашу курсына дәріс алуға аудан мешіттеріне 200-ге жуық бүлдіршін ниет білдірді. Ер балалар мен қыз балалар екі топқа бөлініп, мешіт ғимараты және ұстаздармен танысып сабақ бастап кетті.

Осы жылғы жазғы сауат ашу курсы «MUFTIYAT» баспасынан жарық көріп, «Дін мен дәстүр» негізінде жазылған, алғаш рет қолданысқа еніп жатқан «Имандылық әліппесі» оқулығының негізінде жүргізіледі.

Сондай-ақ, дәрістен соң мешіт қызметкерлері арнайы балалардың көңілін көтеретін түрлі білім және спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырып, сабақ соңында шәкірттерге тәттілер мен балмұздақтар таратылып, бүлдіршіндердің жүзі жайнап, шексіз қуанышқа бөленуде. Түске дейінгі және түстен кейінгі ауысым жұмыс жасайды.

Осындай игі істерге ата-аналар да риза болып, алғыстарын жаудыруда.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: