#Т.РЫСҚҰЛОВ: ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы бастап, ауданға қарасты мешіт имамдары құрбан айт мейрамынан алдын ауданның бас прокуроры Болат Тоғанбайұлымен кездесті. Жиын «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбының аясында болып, жат ағым өкілдерінің қазақтың салт-дәстүріне байланысты көзқарастары да айтылды.

Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Олай болатыны, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – Ислам дінінен бастау алған. Оны бүгінде көзі қарақты жалпы халық жақсы үғынып келе жатыр. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті тұрғысынан төрімізден ойып орын алды.

Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру. Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүріне берік болған елдің қоғамдық қатынастарының қалыптасуы, дамуы, өзгеруі оң нәтиже береді.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: