#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫНА ХАДИСТАНУ ДӘРІСІ ӨТТІ

#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫНА ХАДИСТАНУ ДӘРІСІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінде IV аймақ имамдарына «Хадистану» дәрісін өткізді.

Семинарда Қанат Әділханұлы: «Хадис (араб.: حديث‎), көпше: ахадис, (Жаңалық, хабар, әңгіме) — мұсылман қауымы өмірінің әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын, Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзі мен істерін дәріптейтін әңгімелер. Хадис – Құраннан кейін екінші құқықтық құжат.

Сондай-ақ, хадис – Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзі мен істеріне негізделген мұсылман қауымының әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын ғибрат сөздер, әңгімелер. Хадистің мән-жайын баяндайтын бөлімін «мәтін» (араб.: متن‎) десе, сол мәтінді баяндап жеткізуші адамдар тізбегін «иснад» (араб.: إسناد‎) деп атайды.

«Хадис» терминінің баламасы – «асар» және «хабар». Хадис Құраннан кейінгі құқықтық құжат. Құдси хадис – Алланың сөзі деп танылып, хақиқат жайлы рухани мәндер кейінгі ойшыл әулиелердің рухани ізденісіне негіз болған. Мұсылман ілімінде иснадтарды салыстыра отырып, хадистің тазалығын тексеріп отыратын арнайы пән бар. Хадистерді тексерудің қағидалары мен ілімін зерттеп, сын елегінен өткізетін мамандарды «мухаддистер» деп атайды.

Хадис орта ғасырларда мұсылман мәдениетінің ең негізгі білім көзіне айналды. Хадис ғылыми еңбектердің бірден-бір дәйектемесі, сондай-ақ мақал-мәтел, нақыл сөздер ретінде де кеңінен пайдаланылады», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: