#Байзақ: «УАҚЫП ҰҒЫМЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: «УАҚЫП ҰҒЫМЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінде аймақ имамдарына «Уақып ұғымы» тақырыбында семинар өткізді.

Бас имам Қанат Әділханұлы: «Уақып бұл – Алла разылығы үшін белгілі бір жылжымайтын мүлікті қайырымдылық жолына арнау немесе бағыштау. Уақып – орындалуы ұнамды болған және Аллаға жақындататын хайырлы іс. Алла Тағала Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Маңдай терлеріңмен тапқан малдарыңды және біздің сендер үшін жерден шығарғандарымызды Алла жолында сарып етіңдер!» (Бақара-267) деп, шақырған. Тағы бір аятта: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады», (Әли Имран-92) деген.

Әбу Һурайрадан (Алла оларға разы болсын) риуаят бойынша: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады» (Тирмизи) деп, Алла жолында садақа берудің сауабын айтып өткен.

Саңлақ сахабалар өз дәуірінде бар мал-мүлік, жиған қаражатын халықтың игілігі жолында, Алланың разылығын алу мақсатында сарып ететін болған. Бұл қоғамдағы жарлы-жақыбай, кедей-кепшіктерді тұрмыс тауқыметінен құтқарса, уақып жасаушы жанды мол сауапқа кенелткен. Мәселен, Әнас ибн Мәликтің өгей әкесі Әбу Талха, Алла елшісінен жоғарыдағы аяттарды естіген бетте «Бейруха» есімді сүйікті бақшасын дереу Алла жолына бағыштап, уақып еткен», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: