#Байзақ: БАС ИМАМ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

#Байзақ: БАС ИМАМ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Әли Оложабайұлының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында аймақ имамдарына семинар өтті.

Семинар жұмысына Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып: «Біз – төл діні мен ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар иманды халықпыз. Бабаларымыздың Ислам дінінен қуат алып, қастер тұтып, атадан балаға аманат қылып, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Мал-мүлкі мен дәулетінен дінін, иманын жоғары бағалаған қазақ: «Алла деген ар болмас, ақтың жолы тар болмас» немесе «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған», - деп, дәстүр құңдылықтарын айтып өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: