#Меркі ауданы: Ихсан ол басқаларға жақсылық жасау

#Меркі ауданы: Ихсан ол басқаларға жақсылық жасау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешітінің құптан намазына жиналған жамағатына Джаныкулов Нұрбек имам исламдағы ихсан жайлы және бір сапта тұрған мұсылман бауырыңды жақсы көру турасында уағыз-насихат айтты.

Қазіргі уақытта мұсылмандар арасында бауырмашылдық, достық мінезден гөрі керсінше бір-біріне деген жеккөру сипаты көбірек байқалатыны жасырын емес. Бұндай құбылсықа себеп болып тұрған нәрсе ең әуелі Исламды дұрыс түсінбегеннен деп ойлаймыз. Өйткені қасиетті дініміздегі рақым мен мейірімнің мағынасына терең бойлай алған адам алауыздыққа, дауласуға бой алдырмас еді. Адам баласына жақсылық жасаудың ең алғашқы сатысы оған рақымды болу.

Осы орайда жиналған жамағатқа Нұрбек имам: «Пайғамбарамыз Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын. Яғни жер бетіндегілердің ең құрметтісі адам баласы, демек мұсылман адам өзінің екінші бір бауырына мейірімді, рақымды болуы керек. Мұсылман мұсылманға жау емес керсінше  бауыр, бауырымызға жақсылық жасай алмасақ, тіпті болмағанда зиянымыз тимесін» - деп жамағатты ауызбіршілікте және мейірімді болуға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: