Байзақ: #ДӘСТҮР ЖОЛЫН ҰСТАНУ – АТА БАБА САЛТЫН ЖАҢҒЫРТУ

Байзақ: #ДӘСТҮР ЖОЛЫН ҰСТАНУ – АТА БАБА САЛТЫН ЖАҢҒЫРТУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Базарбай ауылдық «Базарбай» мешітінің имамы Ербол Қасқырұлы мешітте ауыл ақсақалдарымен кездесіп, «Дәстүр жолын ұстану – ата баба салтын жаңғырту» атты семинар өткізді.

Семинар барысында Ербол Қасқырұлы: «Қазақ халқы үшін дін мен дәстүр егіз ұғым. Ежелден ата-бабаларымыз дін мен дәстүрді ұштастыра білген. Дін деген адамның наным сенімі болса, дәстүр бір халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру салты. Құдайдың бұйырған әмірлеріне қарсы келмейтін дәстүрге ислам діні қарсылық танытпайды. Бұрынғылар бізге қарағанда дінді де, дәстүрдіде, тереңінен түсінген. Сол себепті қазақ халқының тарихында дінге бөлінген немесе елдің арасында іріткі болған деген дерек кездеспейді. Себебі, қазақ халқы дініне де, дәстүріне де берік болған. Қазіргі күнде дінді түсінуде біркелкілік жоғалғандығын байқау қиын емес. Оған себеп ретінде көптеген факторларды мысалға келтіруге болады. Бірақ, осы факторлардың ішінде ең үлкен ақиқаты қазақ халқының Кеңес үкіметі тұсында дінінен және салт-дәстүрінен айрылып қала жаздағанын айтуымызға болады екен.

Өйткені, осы кезде қазақ халқы рухани құлдырауға бет бұрып, өздігін жоғалтуға шақ қалды. Егемендік алғаннан кейін көптеген жастар, дініміз қайта өзімізге оралды деп шет ел асып діни білім алуға кетті. Шет елде дұрыс ортада да, бұрыс ортада да білім алған азаматтар болды. Кейіннен елге келіп барлығы өз білгенінше адамдарға діни үгіт насихат жүргізе бастады. Шетелде діни білім алдым, деген көптеген азаматтар діни білім мен оқыған елінің мәдениетін шатастырып алды. Яғни, дінді уағыздап жатырмын, деп өзге елдің мәдениетін насихаттады. Міне, осыдан кейін елде қазақ болғанына өкініп, қазақ халқын адасушылықпен айыптап, барлығын адасқанға шығаратын топтар пайда болды.

Қазақ салт-дәстүрін исламдағы бидғат, ширк деген терминдерді дұрыс қолданбай, сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқан ата баба дінін, дәстүрін жоққа шығарды. Қазақ салт-дәстүрін жоққа шығарғаннан кейін халық жанашырлары бұл ұстанымға қарсылық танытты. Бірақ, көп азаматтардың діни білімі болмағандықтан жалған сопылықтың, тәңіршілдік ұстанымдарына бет бұрып,  адасушылардың саны арта түсті», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: