#Қордай: «Білім алудың артықшылығы» атты тақырыпта ашық сабақ болып өтті

#Қордай: «Білім алудың артықшылығы» атты тақырыпта ашық сабақ болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білім алудың артықшылығы және оның адам өміріндегі маңызы талас тудырмайтын мәселе. Білім кез келген адам мен қоғамның дамуына негіз болатын басты факторлардың бірі. Білім жоқ жерді қашанда надандық жайлайды. Надандықтың сипаттық синонимін қазақ – «қараңғылық» деп те атаған. Себебі надандық, білім арқылы келетін адамдағы таным-түсінік сәулесін қараңғылық құрсауына батырып жібереді. Сондықтан ғалымдар «Білім – адамды надандықтың қараңғы қақпасынан шығаратын нұр», - деген.

Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен "Қордай "мешіті мен "Рахман " мешіті Әжелер алқасы мүшелері "Құдайберген "мешіті әйел-қыздар жамағатына Білім алу туралы насихат айтып, баталарын берді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: