#Т.РЫСҚҰЛОВ: МЕШІТКЕ ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: МЕШІТКЕ ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Орынбасарұлының бастамасымен мешітке әрлеу жұмыстары жасалды. Жердегі Алланың үйін таза әрі көркем қылып ұстауды өзімізге абырой санаймыз деп, мешіттің қызметінде болуға шақырды.

Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Адамның туғанынан бастап өмірден өткенге дейінгі діни рәсімдер мешітте өткізіледі. Мәселен, балаға ат қою, неке қидыру, жаназа шығару сынды көптеген діни рәсімдер мешітте орындалады. Осындай рәсімдер орындалатын қасиетті мешітімізді таза әрі әдемі ұстау - бұл мешіт қызметкерлерінің міндеттерінің бірі десек те болады.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: