#Қордай: Аудан бас имамы «Булар батыр» мешіті жамағатымен жолықты

#Қордай: Аудан бас имамы «Булар батыр» мешіті жамағатымен жолықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев Булар батыр ауылы «Булар батыр» мешітінің жамағатымен жолықты. Бас имам мешіт жамағатына «Мешіт – Аллаға иман келтірген мұсылмандар жиналып намаз оқитын, өзге де құлшылықтарын жасайтын қасиетті мекен»,- екенін айтып түсіндірді. Мешітте дүние ісімен емес Алланы ұлықтаумен, Алланы еске алумен айналысу керектігін тілге тиек етті.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресінің, 18-аятында: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға иман келтіріп, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі тұрғызады. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі», – деп айтқан. Аудан бас имамы келелі уағыз-насихаттан соң бесін намазын жүргізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: