#Талас: Дін мен дәстүр бағыты бойынша үлкен іс-шара ұйымдастырылды

#Талас: Дін мен дәстүр бағыты бойынша үлкен іс-шара ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Талас ауданы Бөлтірік шешен ауылы "Әбубакр ата" мешітінің имамы Бақытжан Зәйниддинұлының бастамасымен, Нұрпейісовтер әулетінің қолдауымен ауылымызда кең көлемде ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қой көтеру, арқан тартыс және кір тасын көтеру сайыстары болды. Қой көтеруден ауылымыздың тумасы Жасұлан Серікұлы есімді азамат қойды 132 рет көтеріп, көтерген қойын сыйлығы ретінде алды.

Арқан тартыстан Көкпаршылар тобы жүлделі 1 орынды иеленіп, 50 мың теңге қаржылай сыйлық алды. Кір тасын көтеруден Ахмет Шанияз есімді ауыл азаматы бірінші орынға ие болды. Ол кісіге 50 мың теңге қаржылай сыйлық табыс етілді. Жиын соңында мешіт имамы Нұрпейісовтер әулетіне ерекше рақметін айтып, барша іс-шараға қатысқан ауыл тұрғындарына өз алғысын білдірді.

"Әбубакр ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: