Аятул Күрсінің қасиеттілігі (жалғасы)

Аятул Күрсінің қасиеттілігі (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 4.«Көктегілер және жердегі нәрселер Оған тән»

Барлық жаратылыс атаулы Алла Тағаланың құлы екендігін ұғындыруда. Жаратылған мақлұқаттар түгелімен Жаратқанның қарамағында, Оның иелігінің құзырында.

5.«Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді?»

Қиямет күні ешкім Алла Тағала рұқсатынсыз, пайғамбар да, періште де біреу үшін араша болуға, шапағат етуге батылы бармайды. Шапағат жайлы хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Мен аршы астына келіп сәждеге бас қоямын да Алла Тағала қалағандай дұға жасауда боламын. Сосын маған: «Басыңды көтер, айтқан сөзің тыңдалады және араша (шапағат етуді) сұрауға шапағат беріледі...", –деп айтылады».

6.«Олардың алдындағыны да, арттарыңдағыны да біледі»

Бұл Алла Тағаланың барша ғалам мен тіршіліктің өткен, қазіргі шақтарды және болашақты білетіндігін айтуда.

7.«Олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді»

Ешкім Алла Тағала ілімін біле алмайды. Сондай-ақ, Алла Тағаланың Өзі мен көркем есім-сипаттарынан тек адамзатқа білдірткенінен басқасын ешкім ешуақытта біле алмайды деген мағынаны да қамтиды

8.«Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады»

Ибн Аббас (р.а.): «Күрсі – Алла Тағаланың ілімі», – деген. Және: «Жеті қат аспан мен жерді төсеп сосын бір-біріне жалғаса, мұның барлығы Күрсінің жанында шөлдегі сақинадай ғана болады», – деген.

9.«Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді»

Жеті қабат көктер мен жерді, ондағы тіршілікті және екеуінің арасындағы мақлұқаттарды сақтау Жаратқан үшін қиын да, ауыр да емес. Алла Тағала үшін өте оңай, барлық нәрсе Оның құзырында жеңіл, барлық жаратылыс Оған тәуелді және мұқтаж.

10.«Және Ол, өте биік, аса зор»

Ол – мәртебеде теңдесі жоқ, шексіз ұлық – Ъали (өте биік)
Ол – ұлылық иесі – Ъазым (аса зор)

Бұл аяттағы Алла Тағаланың сипаттарын ешбір нәрсеге ұқсатпай және теңемей танып иман ету – мұсылман баласына парыз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: