#Қордай: Әйел-қыздар жамағаты арасында интеллектуалды ойын болып өтті

#Қордай: Әйел-қыздар жамағаты арасында интеллектуалды ойын болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Біз шынында, Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады.»

Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық Қордай мешітінің ұйымдастыруымен әйел-қыздар  жамағатына Қадір түніне интеллектуалды сайыс  өтті. Қонақтар үш деңгейдегі сұрақтарға жауап берді. Олар жеңіл, орташа, ауыр. Ойынға қатысқан қонақтарға сыйлықтар берілді.  Олар: Айжан, Қаныкей, Арайлым, Аружан, Фатима, Салтанат, Кенжегул апай, Жазгул, Жайна, Ақерке.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: