Асыл дініміз исламда ораза ұстаған жандарға ауызашар берудің сауабы өте мол екендігі айтылады. Екі дүние сардары ардақты Пайғамбарымыз ﷺ: өз хадистерінде: «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деген. Міне, бұл ораза ұстаған жандарға құрмет көрсетудің негізгі болса керек.
Аудандық Қордай мешіті , әйел-қыздар жамағатына ауыз ашар және сәресі берді. Қадір түнін күтуге ниет еткен әйел-қыздарына Қордай әйел-қыздар секторы Эльмира Аманқожақызының жетекшілігімен дастархан жайылды. Дастархан басында Рахман мешіті ұстазы Айгүл Жолдасқызы Құран аятын оқыды, Гулшаһар әжеміз батасын берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі