Тараз қаласының мешіттерінде жамағат қадір түнін қарсы алды. Қадір түні мың айдан да қайырлы деп білген жұртшылық мешіттерде бас қосып, осы түнді құлшылықпен өткізген болатын. Мешіт имамдары мен «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстаздары кезекпен «Рамазанның қадір қасиеті», «Қадір түнінің ерекшелігі», «Ата – ананы қадірлеу» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихатын айтты.
Жастарды қызықтыру мақсатында сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып сыйлықтар таратылды. Мешіттерде насихат және Құран оқу, жамағатқа еркін құлшылық жасау мүмкіндіктері берілді.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті