Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен «Қадір түні» ерекше өткізілді. Тарауық намазынан алдын ауданның бас имамы Қадір түнінің қасиеті туралы уағыз айтты. Қасиетті түнде 1 ай бойы оқылған құран хатым аяқталып, хатым дұғасы жасалды.
Мешіт шәкірттерінің арасында құранды жатқа оқудан жарыс өткізілді. Жарысқа 17 шәкір қатысып, бақ сынасты. Жарыс жүлдегерлеріне 1 орын алған Уәлиге 50 мың теңге, 2 орын алған Исхаққа 30 мың теңге, 3 орын алған Исламға 20 мың теңге сыйақы табысталды. Сонымен қатар, Құранды тарауық намазында толық оқып хатым жасаған Абдуали қариға құрмет көрсетіп, алғыс айтып, иығына шапан жауып, мешіт жамағаты астына ат мінгізді.
Rейін, діни сауал-жауаптар ұйымдастырылып, сыйлыққа діни кітаптар үлестірілді. Кейін еркін құлшылыққа уақыт беріліп, сосын тәсбих намазы оқылғаннан кейін, мешітке келген жамағатқа сәресі берілді.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі