Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінде Құран Кәрімнің хатым дұғасына Рахманның адал құлдары періштелердің қатысатындығы туралы айтылған болатын.
Бүгін – Жаратушы Иеміздің өзі «мың айдан да қайырлы» деп ұлықтаған қасиетті Қадір түні. Бұл түні еліміздегі құлшылық ордалары жамағатқа лық толады.
Жуалы ауданы бойынша үш мешіттерінде рамазан айы бойы тарауық намазында оқылған Құран хатымының дұғасы жасалды. Биыл өңірде 3 мешітте Құран толықтай оқылып қасиетті "Қадір кеші" түнінде хатым етілді.
Жуалы ауданының бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан қадір түнін "Толымбай тегі Зиябек" мешітінің жамағатымен бірге өткізіп, жиылған жұртшылықты қасиетті Қадір түнімен құттықтады. Жамағатқа қасиетті Қадір түні жайлы уағыз айтып, бүгінгі түннің артықшылығын айтты. Құран хатым дұғасын жасап, еліміз бен жеріміз үшін Жаратқаннан көпшілік жамағатпен дұға тіледі. Аудан бас имам хатым дұғасын жасап, жамағат қариларға құрмет көрсетті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.