#Жуалы: Аудандық мешітте ауызашар және сәресіге дастархан жайды

#Жуалы: Аудандық мешітте ауызашар және сәресіге дастархан жайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кімде-кім сауабын Алладан үміт етіп, ораза ұстаса, күнәлары кешіріліп, Оның ризалығына бөленеді. Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде 1993 жылғы  Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының түлек ауыл азаматтары қасиетті Рамазан айының Қадір кешінде ауызашар дастарханын жайды.

Бұл игі іс-шараны 1993 жылғы азаматтар осылай жыл сайын Рамазан айының Қадір түнінде ауызашар және сәресі ас беруді ұйымдастыруда. Аудан бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан және көпшілік жамағаттар алғыстарын білдіріп, отбасы-жанұяларына береке тілеп дұға жасады.

Аудан бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан жамағаттарға кезекті Рамазан айының уағыз-насихат айтып өтті.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: