Жуалы ауданы, Қайрат ауылдық "Қайрат" мешітінде қасиетті Рамазан айының Қадір түні кешінде мешіт асханасында ауызашар және сәресі дастарханын жайды. Ауыл молдасы Бегәділұлы Саурамбек көпшілікке Рамазан айы оразасы турасында кезекті насихатын жасады.
Алматыдан арнайы алдыртқан екі қари Айдынғалиұлы Еркебұлан мен Ниязұлы Мәулідда осы мешітте тарауық намазына Құран хатым оқып тәмамдады. Қайрат мешітінің молдасы Бегәділұлы Саурамбек мешіт жамағаттарымен бірге өткізіп, көпшілікті Қадір түнімен құттықтап осы айдың мың айдан артық болғаны турасында уағыз айтып берді.
Құран хатым дұғасын жасап барша қазақ халқының бірлігі мен ынтымағына және жеріміздің амандығы үшін Алла Тағаладан көпшілікпен дұға тіледі. Екі қариларға құрмет көрсетіп баталарын берді. Ораза айынан бастап тарауық намазынан бері үзбей қатынасқандарға сыйлық берілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.