Меркі ауданына қарасты «Меркі ата» орталық мешіті және «Жүніс молда», «Жақсымбет» «Жарас ата» т.б. аудан және ауыл мешіттерінде ауызашарлар тұрақты түрде беріліп келеді. Сонымен қатар, имамдарымыз Ислам дінін қарапайым халыққа жеткізуде бар күштерін салып, уағыз-насихат, діни шараларды, діни танымдық сұрақ-жауап ойындарын ұйымдастыруда.
Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде – кім бұл айда аузы берік бір адамға ауыз ашар берсе күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның сауабындай сауап оғанда беріледі» дегенде Сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауыз ашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп жауап берді: «Бір дана құрмамен де ауыз ашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады», - деген.
Ауызашарға бесіктегі баладан, жасы келген қарттарға дейін қатысуда. Ауыл тұрғындары риза болып, баталарын беруде.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі