Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай «Ізгі қоғам» аясында атқарылатын іс-шаралардың негізгі бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасау, көмек көрсету.
Соған орай қасиетті Рамазан айында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен Меркі ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған игі іс – шара ұйымдастырылып, ақ дастархан жайылды.
Жиын барысында бас имам уағыз – насихат айтып, мешіт ұжымының атынан сыйлықтар сыйлады. Алланың жазған сынағына мойымай, керсінше өмірге деген құлшынысы артып, қатал тағдырдың қиыншылығына қасқайып тұра білген осы тұлғалар бүгінгі күннің батыры емес пе?! Осындай ерекше жандармен қайырымдылық акциясын өткізу олардың қоғамға бейімделуіне әсер етеді. Жиын соңында келген қонақтар, ата – аналар осы игілікті іс – шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі.