Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық "Нұрлыкент" мешітінің асханасында қасиетті Рамазан айының үшінші онкүндігінде жұма күні ауыл жастарының демеушілігімен ауызашар берілді.
Осы аталмыш жиынға келген елімізге танымал уағызшы, «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы-теолог, РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы жамағатпен жүздесіп, уағыз-насихат айтты.
Қариялар ақ батасын беріп, асқа Құран оқылды. Соңынан жамағат құптан және тарауық намазын оқыды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі



22 Маусым 2026
6 Мухаррам 1448

