Жуалы ауданы, Қарабастау ауылдық "Билікөл" мешітінің имамы Орынбасарұлы Қуаныш және ауыл әкімі, ақсақалдар төрағасы, билер кеңесінің мүшелерімен бірлесіп Қасиетті Рамазан айының құрметіне дүкендерде арақ-шарап сатпауға үндеу жасады.
"Рамазан айында арақ-шарап сатуды тоқтаттық. Ораза кезінде бізде арақ сатылмайды. Бастама тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр" - деді ауыл имамы.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.