Талас ауданы Ақтөбе ауылының имамы Абдуллаев Асылбектің бастамасымен ауыл жастары арасында ұлттық ойын тиын ілуден жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш шарада Есберді Нұркен жеңімпаз атанды.
Жеңімпазға ақшалай сыйлық табысталды. Жиын соңында ауыл ақсақалы бата беріп, аруақтарға Құран бағышталды.
"Ақтөбе иман" мешітінің баспасөз қызметі.