Талас ауданы Қаратау қаласы "Әбдібай ата" мешітінің имамы Омар Асқарбек Серікұлы "Ұлбике ақын" атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен "Ігі қоғам ізгілікке бастайды" атты дөңгелек үстелге қатысты.
Асқарбек Серікұлы ізгі қоғам әр адамның ізгі ниетінен бастау алатынын тілге тиек етіп, әрбіріміз қоғам үшін жауапкершілік алуымыздың маңыздылығына ерекше назар аударып, тоқталып өтті. Жиын соңында, аталмыш шараға қатысушылар сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.