Қазақта «Басқа амандық, асқа адалдық берсін» деген сөз бар. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» («Бақара» сүресі, 168-аят).
Алла Тағала адамзатқа Алланың атымен бауыздалған төрт түлік мал, құс, кейбір жабайы аңдарды халал етті. Ал Алланың аты айтылмай бауыздалған мал, құс, сонымен қатар, шошқа еті, қан, өлексе т.б. харам етілді.
Осы орайда, қасиетті жұма күні Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде аудан бас имамы және ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің Меркі ауданы бойынша жауапты өкілі Азамат Берікұлы Меркі ауданында орналасқан «Ақ-нұр» сүт өнімдеріне халал сертификатын табыстады.
Алла Тағала басымызға амандық, асымызға адалдық берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі