Аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен мешітке пітір-садақадан түскен қаражатқа аз қамтылған 10 отбасына азық-түлік таратылып, қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Өз кезегінде, Жалғасбай Дүйсенбайұлы осы іс-шара Қасиетті Рамазан айымыздың құрметіне ұйымдастырылғанын тілге тиек етіп, бұл ай мейірім мен қайырымдылық айы екендігін айтып өтті. Көмек алушы кісілер мешіт қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, ізгі ниет-тілектерін жаудырды. Қайырымдылықтың жалпы сомасы 217мың теңгені құрады.
"Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.