Біздің дәстүріміз бен дініміз біте қайнасып кеткен. Екеуін екі бөлек қарастыруға келмейді. Сондықтан дәстүріміздегі нәрселердің барлығы дерлік дінімізбен астасып жатқаны белгілі.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, орталық аудандық "ТолымбайтегіЗиябек" мешітінің бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан мешіт жанындағы "Нұрлы ұрпақ" бала бақшасында ат қою рәсіміне қатысты.
Бас имам «Алла Тағаланың саған берген сыйы берекелі болсын»,– деп Пайғамбар (с.ғ.с.) айтқандай ақ тілегін батасын берді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.